ӘЧ: Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды

1 Қараша 2021, 20:57
849
Бөлісу:
ӘЧ: Нұрқанат Райыс ширек финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрқанат Райыс бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Райыс 1/8 финалда ауғанстандық Сулиман Асламиден басым түсті.

Шаршы алаңда Нұрқанат Райыстың жинақылығы айқын байқалды. Жасаған соққылары қарсыласқа дөп тиді. Жерлесіміз екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Төрешілер есебі 5:0 болды.

Еске салайық, Нұрқанат 1/32 финалда черногориялық Стефан Савковичтен басым түсіп, одан кейін молдовалық Влад Гаврилюкті жеңген болатын.

Сонымен қатар бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Морменді жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты. Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы