Бас жаңалықтар
Райымқұлова Яков Ханның туыстарына көңіл айтты
05 Қыркүйек 2021, 22:10 281

Райымқұлова Яков Ханның туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Музыкант, композитор, педагог және тәлімгер Яков Николаевич ханның қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Ол 17 жыл бойы "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебі РММ "Big Bend" джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері болды. Яков Николаевич джаз орындаушыларының бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Оркестрмен бірге Алматы қаласының сахналарында, халықаралық джаз-фестивальдерде үлкен мемлекеттік концерттерге қатысты.

Я. Н. Хан "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен және "Мәдениет саласының үздігі"медалімен марапатталды. 

Яков Николаевичтің жарқын есімі оны танитын адамдардың жүрегінде мәңгі қалады. Әріптес музыканттармен қатар Сіздің қайғыңызға ортақпын..., - деп жазды Ақтоты Райымқұлова.


Фото: дереккөз
Загрузка...