Райымқұлова мемлекеттік туды қалай пайдалану керегін түсіндіріп берді

4 Желтоқсан 2020, 15:59
1706
Бөлісу:
Райымқұлова мемлекеттік туды қалай пайдалану керегін түсіндіріп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік туды пайдалану ережелерін түсіндіріп берді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қазанда мемлекеттік туды пайдалануға қатысты қолданыстағы заңды қайта қарастыру жөнінде тапсырма берген еді. Бүгінгі таңда Үкіметтің 27қарашадағы  №801 қаулысымен ҚР мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес ендігі кезекте азаматтарымыз үшін мемлекеттік туды пайдалану аясы кеңейіп отыр. ҚР мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнату, орналастыруға) алады, - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Оның айтуынша, ҚР жеке тұлғаларға осы қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес ҚР мемлекеттік туын бір қабатты және (немесе) көпқабатты ғимараттарда экстерьер нұсқасында орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктеріне қарамастан пайдалану мүмкіндігі берілді. Бұдан былай жеке тұлғалар ғимараттарда орналастырылатын ҚР мемлекеттік туын тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбай пайдалана алады.

Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік туы оны көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Ол мемлекеттік туға қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеушілік болып есептеді. Мемлекеттік ту ұлттық стандарттарға сәйкес келмесе, ол Қазақстан Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін туды заңсыз дайындағаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды, - дейді министр.
Айта кетейік, Премьер-министр Асқар Мамин 27 қарашада ҚР мемлекеттік туын, елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына қол қойды

Өзгелердің жаңалығы