Райымқұлова мәдениет қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі туралы баяндады

17 Қазан 2019, 15:36
2558
Бөлісу:
Райымқұлова мәдениет қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі туралы баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мәдениет және спорт министрі Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын, атап айтқанда, мәдениет және спорт қайраткерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, отандық туризмді дамыту секілді мәселелер бойынша баяндады. Сонымен қатар министрліктің мұрағат, тіл саясаты бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында мәлімет берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басталған жұмыстарды өз деңгейінде жалғастырып, тиянақты әрі сапалы орындау бойынша бірқатар тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы