Райымқұлова Болат Атабаевтың отбасына көңіл айтты

29 Шілде 2021, 12:55
5157
Бөлісу:
Райымқұлова Болат Атабаевтың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоты Райымқұлова театр режиссері, драматург Болат Атабаевтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан танымал театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Гёте» медалінің иегері Болат Манашұлы Атабаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Болат Манашұлы саналы ғұмырын халықтың руханиятын байытуға арнаған болмысы бөлек өнер адамы еді. Ұзақ жылдар бойы республикалық неміс драма театры мен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында қызмет етіп, өрелі көрерменнің жоғары бағасына ие болған қойылымдарды сахналады. Өнегелі өмір иесінің, ортасына сыйлы өнер майталманының асыл бейнесі қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деп жазды ол.
Бұған дейін Белгілі театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері Болат Атабаев қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы