Райымқұлова Құрбан айтпен құттықтады

31 Шілде 2020, 14:02
945
Бөлісу:
Райымқұлова Құрбан айтпен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар, сіздерді күллі мұсылман халқы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Құрбан айт - адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды уағыздайтын, қайырымдылық пен қанағатты арттыратын ұлық мейрам, - деді министр. 

Министр осы мерекеде тілеген дұға-тілектеріңіз Хақ тағаланың құлағына шалынуын тіледі. 

Егемен елімізге амандық пен тыныштық, өсіп-өркендеу сыйласын. Айттан айтқа аман-есен жетіп, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы