Райымқұлова 2019 жылы қанша заңсыз лотерея өткізгендер ұсталғанын айтты

5 Ақпан 2020, 12:10
1848
Бөлісу:
Райымқұлова 2019 жылы қанша заңсыз лотерея өткізгендер ұсталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында заңсыз лотерея өткізгендер туралы айтылды.

Лотерея өткізудің маңызды элементі – мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдау. Біздің елде қаражат спортты дамытуға бағытталады. Заң жобасы лотерея таратушылар агенттерінің қызметіне құқықтық негіз жасайды. Бүгінде лотерея операторымен келісімшарт бойынша агенттік қызметті жүзеге асыратын үш мыңнан астам субъект қызметін атқарып жүр, - деді министр.

Оның айтуынша, былтырғы жылы заңсыз лотерея өткізген бірнеше мекенжай анықталып, қылмыстық іс қозғалған.
Жалпы, мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы "Сәтті жұлдыз" операторы заңсыз лотерея өткізген 647 мекен-жайды анықтады. Осыған байланысты 320 қылмыстық іс қозғалып, 571 пункттер жабылып, 10 мыңнан астам құрал тәркіленді. Бүгінгі таңда бізде штаттық режимде жұмыс істейтін кадрлар жоқ екендігімен келісемін. Алайда "Сәтті жұлдыз" операторы  осы жұмысты жүргізіп жатыр, - дейді Райымқұлова.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы