Райымқұлова ЮНЕСКО аясындағы мәдениет министрлерінің форумына қатысты

20 Қараша 2019, 14:12
3001
Бөлісу:
Райымқұлова ЮНЕСКО аясындағы мәдениет министрлерінің форумына қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ның атқарушы директоры Одрэ Азуленің шақыруымен мәдениет министрлерінің форумына қатысты. Париждегі ұйымның штаб-пәтерінде өтіп жатқан іс-шараға 150 мемлекеттің министрі жиналды.

Қоғамдық мәдениет әлеуметтік және қала өзгерісінің қозғаушы күші" атты сессияға қатысқан министр еліміздегі мәдениет саласының маңызды бағыттары мен Елбасы Н. Назарбаевтың "Рухани Жаңғыру" бағдарламалық мақаласы мен президент Қ. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" жолдауы аясындағы аталған сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды, - делінген Мәдениет және спорт минстрлігінің баспасөз қызметі тартақан ақпаратта. 
ау1.jpg

Сонымен қатар, министр елімізде БҰҰ-ның тұжырымдамасына сай туризмді дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау және тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар жайында айтты.

Сөз соңында Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ға мүше елдерді ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен "Екінші ұстаз" атанған әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін мәдени, ғылыми-танымдық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.

ау4.jpg
Ал ЮНЕСКО атқарушы директоры Одрэ Азулемен кездесу барысында министр Қазақстан мен ұйым арасындағы мәдениет және спорт саласындағы маңызды мәселелер мен әріптестік жайын талқылады. Келіссөз барысында жақында ғана Алматыда құрылатыны белгілі болған халықаралық мәдени байланыстар орталығының алғашқы жобасы мен Түркістан қаласының даму жоспарымен бөлісті. Министр түркі әлемінің орталығы саналатын Түркістанды дамыту мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қорғау ең жоғары халықаралық талаптарға сай жүргізілетінін атап өтті, - делінген ақпаратта.
ау5.jpg

Сондай-ақ, Ақтоты Райымқұлова форум аясында өткізілген бірнеше іс-шараға қатысты. Соның ішінде министрдің қатысуымен өткен "Индиго бояуының ізімен" атты халықаралық көрмеде Айжан Бекқұлова мен Тамара Кәпқызының киіз басу өнерін кеңінен таныстырды.
 
ау2.jpg
        

Өзгелердің жаңалығы