Рамазан: Елордалықтар "ауызашарды" үйге жеткізіп беріп жатыр

25 Сәуір 2020, 17:24
1893
Бөлісу:
Рамазан: Елордалықтар "ауызашарды" үйге жеткізіп беріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 24 сәуірде барша мұсылман халқының көптен күткен қасиетті Рамазан айы басталды. Балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс мұсылман бес парыздың бірі саналатын Рамазан оразасын тұтуға кірісті. 

Алайда, биылғы Рамазан айы басқалардан өзгеше. Себебі елде жарияланған төтенше жағдай мен карантинге байланысты ауыз бекіткен жамағат бірге намаз оқу, ауызашар беру тәрізді игі амалдарды уақытша тоқтатып, зекет, пітір садақаны қашықтан жіберуге мәжбүр болды. 

Пайғамбарымыз өз өсиетінде: "Ораза ұстағанды тамақтандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді" деген екен. Осыны ескерген қала халқы коронавирус салдарынан туындаған қиындықты еңсеріп, сауапқа кенелудің жолын тапты. Елорда тұрғындары ауызашар дастарханын үйге жеткізіп беруге көшті.  

WhatsApp Image 2020-04-25 at 17.32.53.jpeg

Ауыз аштыруға ниет еткен азаматтар такси қызметін пайдаланып, ауызашарға қажетті заттарды әзірлеп жеткізуде. 

WhatsApp Image 2020-04-25 at 17.32.06.jpeg

Рамазан айының алғашқы күні осындай "тосынсыйға" ие болған Оразалина Бөпежан әже бұл істің қауіпсіз, әрі сауапты екенін айтты. 

WhatsApp Image 2020-04-25 at 17.30.39.jpeg

Биыл жұқпалы індеттің таралуына байланысты бір айдан астам уақыт үйде отырмыз. Туыстарымызды көрмегелі біршама уақыт болды. Дегенмен, Үкіметтің күнделікті ескертулеріне құлақ асып, карантин режимін қатаң сақтап жатырмыз. Жылда Рамазан айында жақындарымызбен көрісіп, ауызашар ұйымдастыратын едік. Осы жолы жағдайды түсініп, ондай шараларды түбегейлі тоқтаттық. Алайда, арамызда кейбір тұрғын сауапты істі жалғастыруды жөн көріп, ауызашар уақытында тамағымызды үйге жеткізіп беріп жатыр. Қазіргі уақытта сауап алудың ең қауіпсіз жолы осы болып отыр. Алла бәріне сауаптан жазсын. Еліміз тезірек індеттен құтылсын, - деп атап өтті әже.

Оның айтуынша, ауызашар мәзірін дайындаған адам сарымайдан бастап, ыстық тамақ, жеміс-жидекке дейін салып жіберген. Ақ жаулықты әже 15 адамға ауызашар беріп, сауапты іс жасаған жанға батасын беріп, алғысын білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы