Бас жаңалықтар
Рамазан айы бойы қалада игі істер атқарылды – Көлгінов
13 Мамыр 2021, 12:40 231

Рамазан айы бойы қалада игі істер атқарылды – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!, – деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.

Көлгінов мейірім шапағаты мол Рамазан айы бойы қалада біршама игі істер атқарылғанын жазды. 

Бірлігі жарасқан ел мүддесі үшін жасалған түрлі қайырымдылық акциялары мұқтаж азаматтарға үлкен қолдау болды. Рамазан айын қорытындылайтын Ораза айт – халқымыздың басым көпшілігі үшін діни ғұрып қана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам. Құрметті елордалықтар, қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық пен бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Айт қабыл болсын! – дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...