Рамазан айының алғашқы жұма күніне арналған ауа райы болжамы

10 Мамыр 2019, 09:09
2359
Бөлісу:
Рамазан айының алғашқы жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазгидрометтің болжауынша Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандар арқылы атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшейіп,  оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.  

Түркістан, күндіз Қызылорда облысының  кей жерлерінде шаң көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, Павлодар облысында бұршақ жаууы мүмкін. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды.  

Жамбыл, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Атырау облысында шіліңгір ыстық болады.

Өзгелердің жаңалығы