Бас жаңалықтар
Ақтауда «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталды
27 Мамыр 2019, 09:15 401

Ақтауда «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Каспий теңізінің жағалауында Халықаралық Автомобиль Федерациясының (FIA) ралли-рейдтен «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталады. Ақтаудан бастау алып, осы қалада өз межесіне жететін жарыстың жалпы қашықтығы 2500 шақырымнан асады. Бұл туралы ҚР Автомотоспорт федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандағы дода – биылғы әлем біріншілігінің ең қашық кезеңі. Автошабандоздарды алты күн бойы Маңғыстау өлкесінде тас пен құм, сор мен жолсыз даладағы сайыста өз бағын сынамақ. Әлем автоспорты үздіктерінің сайысы Қазақстанның батысында 1 маусымға дейін жалғасады.   

«Ралли Қазақстан 2019» додасына 17 елден барлығы 28 экипаж қатысуға ниет білдірді. Олардың ішінде Бельгия, Бразилия, Германия, Катар, Испания, Италия, Нидерланды, Португалия, Ресей, Сауд Арабиясы, Словакия, Түркменстан, Чехия, Чили және Франция елдері бар. Қазақстанның намысын раллиде бірнеше спорттық экипаж қорғайды.   

26 мамыр күні Ақтау қаласында Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) өкілдері, «Ралли Қазақстан 2019» қатысушылары, ҚР Автомотоспорт Федерациясы және Маңғыстау облысы Әкімдігінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.   

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев раллидің басталуын хабарлап, спортшыларға сәтті жарыс пен жеңіс тіледі.   

«Біз Ақтау жерінде осындай ауқымды және беделді жарысқа қатысушыларды қарсы алуға қуаныштымыз. Маңғыстау өзінің бірегей табиғи ландшафтымен және әртүрлі рельефімен танымал және мұндай ерекшелік әлемнің үздік шабандоздарының назарын бізге қаратады. Жаһандық біріншіліктің кезеңін қатарынан үшінші жыл қатарынан қабылдай отырып, біз Маңғыстау облысының бай туристік әлеуетін және өзінің дәстүрлі қонақжайлылығын көрсетіп келеміз. Ралли-рейдтің барлық қатысушыларына адал күрес пен спорттық фортунаны, ал барлық қонақтар мен көрермендерге ұмытылмас әсер тілеймін», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев.   

Сондай-ақ, Руслан Сәкеев аймақ басшылығы әрқашанда облыс аумағында ралли-рейдтің өтуіне қолдау көрсететін алға тартып, осындай жарыстар жастарды спорттың техникалық түрлеріне тартуға ықпал етіп, жалпы елдегі спорттың дамуына оң әсерін тигізетін атап өтті.   

«Ралли Қазақстан 2019» спорттық жетекшісі, өткен жылдағыдай, БАӘ Автоспорт федерациясының өкілі Ронан Морган болмақ, ралли-рейдке дайындықты Қазақстан Автомотоспорт Федерациясы жүргізді.   

Биыл Ақтаудағы жарысқа алдыңғы жылдардағыдай ең атақты әлемдік шабандоздардың қатыспақ. «Ралли Қазақстан 2019» кезеңінің жеңімпазы және ралли-рейд бойынша Әлем кубогының төрт дүркін иегері (2008, 2015, 2016 және 2017 жж.) Катар автошабандозы Нассер Салех Әл-Аттия тағы бір мәрте өз бағын сынап, қазақстандық кезеңде жеңіс үшін таласатын болады. Өткен жылы катарлық Маңғыстауда сәтсіздікке ұшырады – раллидің бірінші бөлігінде Нассер автомобилінің қозғалтқышындағы техникалық ақаулар оған жарысты жалғастыруға мүмкіндік бермеді.   

Ралли-рейд тарихындағы ең атақты шабандоздардың бірі, «Дакар» раллиінің 13 дүркін жеңімпазы Стефан Петерансель (X-raid MINI JCW Team) «Ралли Қазақстан 2019» жарысында өзінің штурманы және жұбайы Андреа Петерансельмен өнер көрсетеді. Ерлі-зайыптылардың дуэті Абу-Дабидегі ралли-рейдтен Әлем Кубогының екінші кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді. Қазіргі уақытта Стефан Петрансель Нассер Аль-Аттиямен бірге FIA Әлем Кубогының турнирлік кестесінде 30 ұпаймен бірінші орында тұр.   

Подиумға үміткерлердің қатарында Голландиядан келген Бернард тен Бринке де бар, автошабандоз өте жылдам, дегенмен әлі тұрақсыз өнер көрсетуде. Ол «Ралли Қазақстан 2019» Әлем Кубогындағы сүйікті кезең деп есептейтін бельгиялық тәжірибелі штурман Том Колсулмен бірге жарыс жолына шығады.   

Биыл Ақтауға Ютта Кляйншмидт келетінін растады, ол - автоспорттағы аты аңызға айналған тұлға, әлемдегі «Дакар» марафонын бағындырған жалғыз әйел және ралли-рейд бойынша Әлем Кубогының жүлдегері. Биыл ол FIA ралли бойынша Комиссияның Президенті лауазымына тағайындалды.   

Қазақстанды раллиде отандық және халықаралық ралли-рейдтер мен және ралли-марафондарда өнер көрсетуде бай тәжірибесі бар «MobilEx Racing Team», «OFF ROAD Kazakhstan» және «Aktau Motorsport» сынды бірнеше спорттық экипаж таныстырады. 

Бүгін бірінші кезеңде ралли-рейд қатысушылары Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде орналасқан Кендірліге қарай бағыт алады. Екінші күні Сенек елді мекені айналасындағы шөл арқылы шығысқа қарай айналма учаскені қамтиды, үшінші кезеңнің бөлігі Кендірліден шығысқа қарай облыстың қойнауына бағытталған. Төртінші кезең Жаңаөзен қаласының маңында өтеді. Соңғы екі қорытынды кезең Ақтаудан солтүстікке қарай өтеді. Соңғы кезеңде 1 маусым күні спортшылар Каспий теңізінің жағалауын бойлай жүріп, Ақтау қаласының жағалауында сағат 15.00-де жарысты аяқтайды.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық