Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?

30 Сәуір 2021, 14:19
2038
Бөлісу:
Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекованың құрметіне арналған аллеяға 110 түп ағаш отырғызу шарасында туған туыстары мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті.

Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова іс-шараға жиналғандардың барлығын бір адам қосып отырғанын айтты.

Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?

Барлығымызды көпке танымал, бүгін жоқ деп айтуға қимайтын адамның аллеясына кішкентай үлесімізді қосуға келіп отырмыз. Осынша адамның жүрегіне жылу ұялатып, жадында қалған адам. Қоғамның дамуына еңбегін сіңірген, аяулы ана, адал жар және бәрімізге қимас дос - Салатанат Темірқұлқызы. Ешқашан ондай адамды өлімге қимайсың. Рамазан айында жасалған барлық игі істі сол кісінің рухына арнаймыз. «Жасыл экономиканың» дамуына аянбай еңбек етті. Оның жасаған дүниесін әрі қарай жалғастыруға атсалысамыз, - деді Рамазанова.

Ал Мәжілістің 3-шақырылымында депутат болған Майра Айсина қазір көп адам дүниеден өтіп жатқанын айтты.

Ол кезде біз жылаймыз, қимаймыз, ұмытамыз. Ал кейбір адамдар өмірден өткен кезде күн сайын оның қадірі мен құрметін одан сайын сезінеді екенсің. Сондай адамдардың бірі - Салтанат Темірқұлқызы. «Жасыл экономика» саясатын әрі қарай дамытуға іргетас қалап кетті. Көгалдандыру, жасылдандыру бойынша көп бастама ұсынды, - деді Айсина.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов көп жыл бойы Салтанат Темірқұлқызының басшылығымен жұмыс істегенін айтты.

Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?

Қазақта «ұлағатты ұстаз өз ісін жақсы көреді, өзінің үйренгенін шәкірттеріне жеткізеді» деген сөз бар. Ол кісі қайталанбас еңбек жолы арқылы адамдарды шабыттандыра білді. Көп жыл бойы біздің кеңсеге новаторлар мен ғалымдар идеяларымен келетін. Ол барлық адаммен кездесіп, ойларын ескеріп, жақсы жобалар жасауға бастамашы болды, - деді Абақанов.

Оның айтуынша, 2 жыл ішінде Қазақстанда 7 «жасыл» орталық ашылды.

Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?

Былай қарағанда оның барлығы бір адамның күші мен шабытының арқасында жасалған. «Жасыл экономка», қоршаған орта саласын жетік меңгерген адам болды. Әрине, өткен шақта айтуға өте қиын. Мен шәкірт ретінде алғысымды айтқым келеді. Мен үшін ол кісімен жұмыс істеу үлкен өмірлік мектеп болды. Көп нәрсені меңгеріп, өстік. «Қолдан келмейтін дүние жоқ, егер ниет болса, барлығын жасауға болады» деп айтатын. Шынымен, соған көзіміз жетті, - деді ол.

Ағаш отырғызу іс-шарасына қоғам қайраткері Мұрат Әбенов те келді. Ол Салтанат Рақымбекова позитивті энергиясымен есте қалғанын айтты.

Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?

Оның ұйымдастырушылық қабілеті, энергиясы бізді қазір де біріктіріп жатыр. Мұндай жағдайда еске түсіріп, көңіл-күйіміз түседі. Бірақ шынын айтқанда, қазір бізге ол кісі сценарий жазса, «күлімдеп тұрыңдар, елді көгертуіміз керек, жақсартуымыз керек» деп айтатын еді. Сондықтан мен баршамызды көтеріңкі көңіл-күйде болуға шақырамын. Ол осындайға лайық, - деді Әбенов.

Ал Салатанат Рақымбекованың жолдасы Төлеутай Рақымбеков барлық туған-туысқаны осы жерге жиналғанын айтты.

Рақымбекованың қалдырған ізі қандай?

Бүгінгі шараға екі қызымыз Әлия мен Айбота, екі немереміз де келді. Барлығына алғысым шексіз. Бір адамдай болып жиналдыңыздар. Осы жерге жиналғандардың барлығы бізге таныс, жақын адамдар. Былтыр аллеяда 55 ағаш отырғыздық. 5 қатардан 10 түптен. Биыл көктемде 110 тал отырғызу туралы келістік. Бұл жақсы дәстүрге айналады. Ең аз дегенде 55 талдан отырғызамыз. Жер жетеді, тал отырғызатын орын бар, - деді Төлеутай Рақымбеков.

Айта кетейік, елордада қоршаған ортаны қорғау саласына еңбек сіңірген қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекованың құрметіне арналған аллея тағы 110 ағашпен толықты. Ағаш отырғызу іс-шарасына жора-жолдастары мен туған-туыстары, әріптестері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы