Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

3 Қазан 2021, 19:10
5577
Бөлісу:
Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде алғаш рет Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтіп жатыр.

Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

Бүгін біз дәстүрлі спортымыздың тарихында тұңғыш рет жамбы ату және теңге ілу федерацияларының кубогіне арналған республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысып отырмыз. ​Өздеріңізге мәлім, жамбы ату және теңге ілу спорттары - бұл біздің жас, жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындарымыз. Соған қарамастан, біздің спортшыларымыз ел ішінде ғана емес, әлемдік, халықаралық додаларда да бақ сынап, жетістіктерге жетуде, - деді Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.

Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

​Ол атап өткендей, жақында ғана Иран мемлекетінде өткен ат үстінде садақ атудан ХVI Әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі Айкөз Ералхан 3 стиль бойынша 1 алтын, 2 күміс медальды олжалап, елімізге абыроймен оралды.

Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

​Бұған дейін 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Әлем чемпионатында біздің жігіттеріміз Тұлыбеков Абзал мен Бадашев Елдос әлемдік рекорд орнатып, топтық сайыста жеңімпаз атанған еді. ​Қазіргі уақытта Бадашев Елдос, Айкөз Ералхан, Тұлыбеков Абзалдың есімдері Қазақстанның спорт тарихында жазылып, біздің ұлттық спортымыздың абыройын асқақтатып келеді, - деп атап өтті Рахат Жақсыбай.

Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

Еске сала кетейік, сайыста жеңімпаздарына бас жүлде – автокөлік, 2 орын – 1 миллион теңге, 3 орын – 500 мың теңге сый беріледі.

Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

Ол сөз соңында жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Рахат Жақсыбай: Жамбы ату мен теңге ілу – жақында ғана спорт қатарына қосылған ойындар

Айта кетейік, бүгін таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін Жамбы ату мен Теңге ілуден іріктеу жарыстары өтті.

Ертең, 4 қазанда Жамбы ату мен Теңге ілуден ақтық бәсекелер болады. Сондай-ақ үздіктердің марапаттау рәсімі өтеді.

Өзгелердің жаңалығы