Рахат Жақсыбай: Пандемия ұлттық спорт жарыстарын шегеруге себеп болды

2 Қараша 2020, 12:12
1511
Бөлісу:
Рахат Жақсыбай: Пандемия ұлттық спорт жарыстарын шегеруге себеп болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді алаңдатқан коронавирус індеті біздің елді де айналып өтпегенін барлығымыз жақсы білеміз. Қоғамның қай саласы болмасын белгілі дәрежеде тоқырауға ұрындырғаны да анық. Әсіресе, республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейдегі спорттық шаралар белгісіз мерзімге шегерілді. 

Осы орайда, еліміздегі ұлттық спортқа жауапты, осы саланың дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан жауапты мекемі — Ұлттық спорт қауымдастығы да көптеген жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. 

Пандемия кезіндегі Ұлттық спорт қауымдастығының жай-күйін білмекке қауымдастық директоры Рахат Жақсыбайды әңгімеге тартқан едік. 

2019 жылдың соңында, ел тыныш, мамыражай уақытта 2020 жылдың Күнтізбелік жоспарын бекітіп, осы жылы өтетін біраз сайысты белгілеген едік. Оның ішінде әлемдік деңгейдегі сайыстар, халықаралық деңгейдегі сайыстар мен республика көлемін қамтитын бәсекелер бар болатын. Өздеріңіз көріп отырсыздар, пандемия салдарынан барлық жарыс белгісіз мерзімге шегерілді, — дейді Рахат Жақсыбай. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында біз Рахат Жақсыбаймен сұқбаттасып, 2020 жылы өтетін сайыстар жайлы әңгіме өрбіткен болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы