Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

8 Қараша 2019, 14:54
2214
Бөлісу:
Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған "Намыс пен Рух" атты рухани-патриоттық iс-шара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске алу кеші Рейхстагта Жеңіс туын желбіреткен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Шараға қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.
Қошқарбаевтың фашистерге қарсы соғыстағы ерліктері қазіргі ұрпақ үшін үлгі болуы тиіс. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысы Жеңісінің туын желбіреткен батырларын еске алу. Бұл бағыттағы біздің жұмысымыз міндетті түрде жалғасады, - деп атап өтті Бақтияр Мәкен.

Кеш оқушылар сарайының қабырғасында жалғасты. Елордалық театр әртістері соғыс жылдарында ерлiк пен қаһармандық көрсеткен батырлар туралы қойылым көрсетті. Қазақ эстрадасының көрнекті өкілдерінің орындауында патриоттық әндер шырқалды.
Өзгелердің жаңалығы