Бас жаңалықтар
ҚР СжИМ жаңа сауда инфрақұрылымының «көлеңкесімен» күреседі
15 Тамыз 2019, 01:19 122

ҚР СжИМ жаңа сауда инфрақұрылымының «көлеңкесімен» күреседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, сауданың шамамен 40% «көлеңкеде» тұр, яғни олар салық салуға жатпайды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Сауданың көлеңкесінен шығу тетіктерінің бірі, сауда инфрақұрылымын, оның ішінде сауда нарықтарын жаңғырту болып табылады. Осы орайда, барлық стационарлық емес нарықтар біртіндеп заманауи сауда форматтарына көшеді деп жоспарлануда.

Өндірушілерден халыққа өнімдерді минималды үстеме бағамен жеткізуге және дұрыс сақтамау мен тасымалдаудан болған шығынды екі есе азайтуға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Болашақта қазақстандық тауарларды жинақтау, өңдеу және сыртқы нарықтарда, оның ішінде Ресей Федерациясында және Орталық Азияда сату арқылы жылжыту кезінде КТО және ТО желісін пайдалану ұсынылады.

Сонымен қатар, мекемеде электрондық сауданы дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Министрлік ішкі электрондық сауданы дамытуға және электронды сауда арқылы тауарлардың экспортын жылжытуға бағытталған «Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасын» қабылдады.

Осы Жол картасын іске асыру, 2025 жылға қарай бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесін 5% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта электрондық сауда алаңын құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Әлемдік экономиканы жаһандық цифрландыру, электрондық сауда нарығының жыл сайын 11% -дан астам өсуін қамтамасыз етеді. Халықаралық сарапшылардың болжамдары бойынша 2023 жылға қарай ғаламдық электрондық сауда нарығы $2,8 трлн құрайды.




Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық