Бас жаңалықтар
Рұқсаты жоқ 5 тонна иіссу елге кіргізілмеді
25 Қаңтар 2019, 10:47 1195

Рұқсаты жоқ 5 тонна иіссу елге кіргізілмеді

Астана, BAQ.KZ. Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасу-авто» бақылау бөлімшесінде «Скания» автокөлігімен Қырғыз Республикасынан елімізге қарай парфюмериялық заттар (әйелдер иіссулары) алып өтпек болған 29 жастағы қазақстандық ұсталды.

Жалпы салмағы 5 тоннадан астам иіссу актіленіп Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Асқабақтар

Дәл осы бөлімшеде 2019 жылдың 24 қаңтарында, сағат 18-дер шамасында «МАН» жүк көлігімен көрші елден Қазақстанға қарай 13 тонна асқабақ әкеле жатқан 33 жастағы қазақстандық ұсталды. Кеше, таңғы 4-терде дәл осындай жүк көлігімен 8 тонна асқабақты заңсыз өткізбекші болған тағы бір 33 жастағы қазақстандық ұсталған болатын. Тауар актіленіп Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Құрт

Аталған отрядтың «Қордай-авто» бөлімшесінде сағат 22-лер шамасында 35 жастағы ресейлік ұсталды. Ол елімізге 40 кг құрт (сүт өнімі) әкеле жатқан екен.

Қытай дәрі-дәрмегі

Қорғас шекаралық бақылау отрядының «Шекара бойы халықаралық ынтымақтастығы орталығы» бөлімшесіннің шекара наряды 2019 жылғы 24 қаңтар күні, сағат 17.00 шамасында Ынтымақтастық орталығынан, шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп, қайтып келе жатқан 23 жастағы қазақстандықты ұстады. Ол ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 80 кг-ға жуық қытай дәрі-дәрмегін елімізге өткізбек болыпты.

Сол орталықтың Қазақстан аумағына қарай кіретін залынан шекара наряды сағат 19-дарда қытай дәрі-дәрмегі толтырылған, жалпы салмағы 45 кг жуық, тағы да екі қорап тауып алды. Бұл қораптардың иесі табылған жоқ.

Тәркіленген дәрі-дәрмек актімен «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Сізден жаңалық