Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қайда баруға болады?
25 Қыркүйек 2020, 22:00 201

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қайда баруға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері елорданың мәдени ошақтарында көптеген көрмелер, шеберлік сыныптары мен спектакльдер өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Сонымен қатар, ересектер де, қаланың ең кішкентай тұрғындары да уақыттарын пайдалы өткізе алады.

26 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайы әлеуметтік желілерде Nikolya шоколадының онлайн көрмесін өткізеді: @tauelsizdik_sarayi - Instagram парақшасында;
https://www.facebook.com/tauelsizdik.sarayi - Facebook желісінде.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры 26 қыркүйек күні сағат 14:00-де Instagram @teatrkukolnursultan және Facebook teatr.kukol.nursultan әлеуметтік желілерінде сахна қозғалысын, 26 және 27 қыркүйек 22: 00-де кешкі ертегі көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» қызықты мәдени іс-шаралар өткізеді:

Бір ай бойы сағат 10: 00-де @massovij10 аккаунтында «Отбасым - бақыт мекенім» онлайн фото коллажымен танысуға болады;

26 қыркүйекте сағат 11: 00-де @biblioteka_auezov аккаунты «Мы помним» ашық онлайн трибунасын өткізеді;

26 қыркүйек, сағат 10: 00-де @cbs15filial аккаунтында «Түрмеде сөнген шырақ» онлайн-библиографиялық шолу өтеді;

27 қыркүйек сағат 11: 00-де @biblioteka_auezov «Адам саудасы: қауіп-қатер және алдын-алу» атты құқықтық онлайн-сағат өткізеді;

Бір ай бойы сағат 10: 00-де @massovij10 аккаунтында «Ғибратты ғұмыр» атты онлайн-кітап митингілері өтеді;

Бір ай бойы сағат 10: 00-де @kitap_kala instagram мен facebook-те «Шыңдардың ақиығы, мұз балағы» онлайн-көрмесі өтеді.

27 қыркүйекте «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Қозы Көрпеш - Баян Сұлу кесенесіне онлайн экскурсия, «Абай мұрасы және қазіргі Қазақстан» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Алдан Смайыл мен әнші Гүлмира Саринаның қатысуымен онлайн сұхбат өткізеді.

26 қыркүйек күні сағат 19: 00-де «Жастар театры» «Актерлер әлемі» Жастар театрының II буыны актерлерімен әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция жүргізеді.
Әлеуметтік желі сілтемелері: InstagramFacebookYouTube.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 26 қыркүйек сағат 17.00-де әлеуметтік желілерде YouTube «КҮН СӘУЛЕСІ ТҮСПЕГЕН» онлайн қойылымын өткізеді.

27 қыркүйекте сағат 17.00-де YouTube сілтемесінде «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» онлайн қойылымын өткізеді.

Мемлекеттік «Наз» би театры театрдың ресми парақшаларында 26 қыркүйек күні сағат 15: 00-де «Шабыт» биін, 27 қыркүйек күні сағат 15: 00-де «Өрнек» биін көрсетеді.

Театрдың әлеуметтік желілеріне сілтемелер: FacebookInstagram, YouTube: Наз би театры.

Күн сайын 11.00-17.15 аралығында «Бейбітшілік және келісім сарайы» шағын балет залында «Туған жер» балалар студиясының хор сабақтарын, 11.00-17.30 аралығында «Туған жер» балалар студиясының хореография сабақтарын өткізеді.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры келесі демалыста әлеуметтік желілерде:

- 26 қыркүйек сағат 18-00-де У.Шекспир «Ромео мен Джульетта», не трагедия;
- 27 қыркүйек сағат 18-00-де М.Булгаков «Мастер және Маргарита», эклектика.

Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әлеуметтік желілеріне сілтемелер: YouTubeInstagramFacebook.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...