ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

24 Наурыз 2019, 15:02
2179
Бөлісу:
ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен:

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Өзгелердің жаңалығы