Мамин президент сайлауында дауыс берді

9 Маусым 2019, 09:41
1392
Бөлісу:
Мамин президент сайлауында дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Бұл туралы премьер-министрдің сайты жазды.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» концерт залының ғимаратындағы №138 сайлау бөлімшесінде өтті.

Айта кету керек, сайлау бөлімшесінде 2 999 сайлаушы тіркелген және ҚР Премьер-Министрі алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық парызын орындауға келді.

Сайлау бөлімшелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады.


Фото: Артем ЧУРСИНОВ
Өзгелердің жаңалығы