ҚР ІІМ жолдағы тәртіпті қатаң бақылауға алмақ

10 Тамыз 2019, 01:47
1222
Бөлісу:
ҚР ІІМ жолдағы тәртіпті қатаң бақылауға алмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.kz. ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысына мұқият болу қажеттігін ескертті. Бұл туралы ведомство Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.

«Оқу жылының басталуына небәрі 3 апта уақыт қалды. Мыңдаған бүлдіршініміз мектеп табалдырығын аттамақшы. Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналардан кішкентай балаларына жолда жүру ережелерін түсіндіруді, жолдан өту кезінде ересектердің көмегімен бағдаршам арқылы немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту қажеттігін үйретуді сұрайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрліктің хабарламасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовтің бастамасымен Шымкент қаласы аумағында жол қауіпсіздігі деңгейін көтеру мақсатында 2018 жылдың қыркүйегінен бастап қаладағы ірі көше қиылыстарында және 147 мектептің алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардың алдында Жергілікті полиция қызметі басқармасының және патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 3 ауысыммен кезешілік етеетіндігі айтылған.

«Бұл бастама өз жалғасын табатын болады. Жол қауіпсіздігі сақтау - бәріміздің ортақ міндетіміз», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Өзгелердің жаңалығы