Бас жаңалықтар
ҚР ІІМ-де Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығы мерекеленді
15 Ақпан 2019, 13:35 555

ҚР ІІМ-де Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығы мерекеленді

Астана, BAQ.KZ. Бүгінгі күнде Қазақстан полициясы мен Ұлттық ұланның қатарында Ауған соғысынан өткен 40-тан астам қызметкер қызмет етеді, сондай-ақ ауған соғысына қатысқан 700-ден астам запастағы офицер бар.

Салтанатты жиында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Ауған территориясында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті орнатуға қатысқан интернационалист-жауынгерлерді, яғни ішкі істер органдарын, Ұлттық ұланның қызметкерлері мен ардагерлерін марапаттады.

Сонымен қатар, ол ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтап, денсаулық пен отбасылық береке тіледі.

Іс-шара ҚР ІІМ Мәдени орталығы даярлаған мерекелік концертпен аяқталды.

Сондай-ақ, атаулы мерекеге орай ІІМ мұражайы қорынан фотокөрме ұйымдастырылып, онда полицияда, Ұлттық ұланда, құтқару қызметі мен қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқарған ауған соғысы жауынгерлерінің әскери өмірлері мен ерлік істері туралы фотосуреттер қойылды.

Сізден жаңалық