АШМ 81 тонна ресейлік банан өнімдерін өткізбеді

27 Қаңтар 2020, 16:42
1273
Бөлісу:
АШМ 81 тонна ресейлік банан өнімдерін өткізбеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан ел аумағына қауіпі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайын анықтаған.

Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаттары болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына еліне кері қайтарылып, сонымен қатар
кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлер "ауру жұққан банандарға" қатысты түсініктеме берген еді.
Өзгелердің жаңалығы