СҚО-да қызылшамен сырқаттанғандар саны артты

31 Қаңтар 2019, 21:34
2135
Бөлісу:
СҚО-да қызылшамен сырқаттанғандар саны артты

СҚО, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері облыста 36 адам қызылша ауруына шалдықты деген күдікпен тіркелген. Олардың 24-і - 14 жасқа дейінгі балалар, ал 12-сі - ересектер.

Департамент дерегінше, қызылша күдігімен тіркелген 36 адамның 83 пайызы, яғни 30 адам қызылшаға қарсы екпе алмаған.

Ал зертханалық дәлелмен нақты қызылша диагнозы 22 адамға қойылған. Оның ішінде 13 науқастың жасы 14-ке толмаған, 9-ы ересектер арасында тіркелген.

Департаменттің ресми дерегіне сәйкес, 2018 жылы облыста бір ғана адам қызылшаға шалдыққан.

Өзгелердің жаңалығы