Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді

21 Мамыр 2019, 14:20
1669
Бөлісу:
Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының көкпар ойындары бойынша екінші күні топтық кездесулер жалғасып жатыр.

Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Алматы қаласы құрамасының ойынын тамашалаған көрермендер, енді БҚО құрамасы мен Қызылорда облысы құрамасы арасындағы тартысты ойынды тамашалады. 

Ойынның алғашқы бөлімінде қызылордалықтардың басымдығы айқын көрінді. 20 минутта 6 салым салған Ақмешіт жігіттері батыстың балуандарына дес бермеді. 

Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді

Бүгін кешегіден гөрі Таразда күн салқын. Содан да болар, командалар арасындағы тартыс та қызып тұр. Бұған дейінгі ойындарда да тартысты дода болған болатын.

Сонымен, ойын соңындағы қорытынды бойынша Қызылорда құрама командасы есепті 7:5-ке жеткізіп, бұл ойынның анық жеңімпазы екенін танытты.

Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді

Салым салғандар:
БҚО: Бақдәулет Сейдәлиев – 2 салым, Мұхит Әмірәлиеа – 1 салым, Бекнұр Әбдірахманов – 2 салым.

Қызылорда құрамасы: Асхат Мырзагелдиев – 3 салым, Наурызқожа Әмзиев – 2 салым, Нұржан Қамбарбеков – 1 салым, Нұрлыбек Асқаров – 1 салым.

Ел чемпионаты. БҚО Қызылордаға жол берді

Естеріңізге сала кетейік, 19 мамыр күні басталған дүбірлі дода 26 мамыр күні аяқталады. Осы чемпионатта шапшаңдық танытқан көкпаршылардан ІІ Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталатын болаты.


Өзгелердің жаңалығы