Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

26 Қыркүйек 2020, 00:10
1379
Бөлісу:
Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада қала күні мерекесінің салтанатты ашылуы «Қалалық денсаулық және демалыс саябағының» пайдалануға беруімен басталды.

Аталған шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Облыс орталығының келбетін әрлендіре түскен аллея қаладағы көрікті орындардың біріне айналмақ.

Саябақтың ашылу рәсімінде облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болса, алдағы уақытта кәсіпкерлердің қолдауымен онда ойын аттракциондары орнатылып, спорттық, патриоттық іс-шаралар өткізелітінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы