Қызылордада Darmen мобильді қосымшасы іске қосылды

28 Мамыр 2019, 22:29
1453
Бөлісу:
Қызылордада  Darmen мобильді қосымшасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел хабарлау мақсатында смартфондар мен планшеттерге арналған Darmen тегін мобильді қосымшасының іске қосты, деп хабарлайды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменттің баспасөз қызметі. 

«Қосымша Android Және iOS операциялық жүйелері үшін құрылған және Қызылорда облысы аумағында «ТЖ қаупі және туындауы туралы халықты бірнеше секунд ішінде жаппай хабардар етуге мүмкіндік береді». Қазіргі уақытта «Қазгидрометтің» мәліметтері жөнелтілуде. Қосымша жоғары тиімділікті көрсетті және ағымдағы жылғы 24 сәуірден бастап мобильді қосымша SMS-хабарламамен бірге пайдаланылады. Darmen қосымшасын App Store және Play Market ұялы телефондарына арналған қолданбалар дүкендерінен жүктеп алуға болады», - делінген хабарламада. 

Мобильді қосымша Android Және IOS операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық иегерлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы