Қызылорда өңірінде апаттық жағдайдағы және үшауысымдық мектептер мәселесі шешілді

22 Қараша 2019, 18:42
2696
Бөлісу:
Қызылорда өңірінде апаттық жағдайдағы және үшауысымдық мектептер мәселесі шешілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірде апаттық жағдайдағы және үшауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапқанын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді. 

Облыстың білім беру саласында 2015 жылы 3-6 жастағы дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызға жеткізілді, апаттық жағдайдағы мектептер және үшауысымдық мектептер мәселесі де толық шешілді. Енді жеке мектептерді дамыту, жатақханалар мәселелерін инвесторлардың көмегімен шешілмек. Жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшуде. Ал 1 қарашадан бастап облыстың барлық мектептері бірыңғай сайттарға қосылды, - деді Сыр өңірінің басшысы.

Қазіргі таңда облыста 574 мектепке дейінгі тәрбие мекемелері жұмыс жасауда. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны – 161 болса, жеке балабақша саны – 413.

Қазір денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салаларда 116 жоба бар. Олардың 40-ы бойынша инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімшартқа қол қойдық, - деп атап өтті Қуанышбек Ысқақов.

Әкімнің сөзіне сүйенсек, медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін дәрігерлік учаскелерді ірілендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 3 жылда Қызылорда облысында қосымша 61 дәрігерлік амбулатория ашылған екен.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші – 11,3%, жарақаттану, улану және жазатайым оқиғалардан – 0,6%, қатерлі ісіктерден 21,4% төмендеді, ал онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңде анықтау көрсеткіші 15% өсті, - дейді өңір басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақ басшысы Қызылорда Қытайға мақсары майы мен жүн экспорттайтынын, сондай-ақ Қызылордада жол апатынан қаза тапқан оқушылардың отбасына қаржылай көмек берілетінін айтты.
Өзгелердің жаңалығы