Тоқаев Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

3 Желтоқсан 2019, 13:30
30044
Бөлісу:
Тоқаев Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс, - делінген мемлекет басшысының Twitter-дегі хабарламасында.

Айта кетейік, 3 желтоқсан күні сағат 05:25-те "Қызылорда-Құмкөл" автожолында көктайғақтың кесірінен жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, аударылған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылған.
Өзгелердің жаңалығы