Бас жаңалықтар
Қызылорда облысында 9 аумақтық және 366 учаскелік сайлау комиссиясы бар
11 Сәуiр 2019, 20:35 897

Қызылорда облысында 9 аумақтық және 366 учаскелік сайлау комиссиясы бар

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының 500 мыңнан аса тұрғыны сайлау науқанына қатысып, дауыс бере алады. Бұл туралы облыстағы сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов айтты.

Оның айтуынша, 9 маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 10 сәуірдегі қаулысы шықты. Онда сайлауды әзірлеу және өткізудің негізгі іс-шараларының күнтүзбелік жоспары бекітілген.

«Президенттікке кандидаттарды ұсыну мерзімі кешегі күннен, 10 сәуірден басталып, 28 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады. Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары ғана ұсына алады», - деді Абайбек Жүнісов.

Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясы төрағасы сайлауға 500 мыңнан астам сырбойылық дауыс бере алатынын жеткізді. Бұдан бөлек, сайлау науқанымен байланысты аймақта атқарылатын шараларды айтып өтті.

«Облыс аумағындағы аумақтық сайлау комиссиялары тарапынан 2019 жылдың 19 сәуірінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясы құрамдары жарияланатын болса, жергілікті әкімдіктер ағымдағы жылы 24 сәуірінен кешіктірмей аудандық, қалалық газеттерде сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайтын болады. Айта кетейін, облыста 9 аумақтық және 366 учаскелік сайлау комиссиясы бар, олар биылғы жылдың қаңтар айында 5 жылға сайланды, бүгінде олардың құрамдары толық», - деп мәлімдеді Абайбек Жүнісов.
   


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...