Бас жаңалықтар
Қызылорда облысын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
28 Мамыр 2019, 10:50 326

Қызылорда облысын дамытудың кешенді жоспары бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Қызылорда облысын дамытудың кешенді жоспары мен Қызылорда қаласын дамыту жоспарлары бекітілді.

Жиын барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын дамытудың кешенді жоспары мен Қызылорда қаласының бас жоспары туралы баяндама жасады. 

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда Қызылорда облысын дамытудың кешенді жоспары әзірленген. Ол 119 іс-шарадан құралып, құны 219 млрд теңгені құрайды. 

«Ол қаражаттың 156 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 56 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, қалған 12,4 млрд теңге басқа қаржы көздерінен болмақ», - дейді әкім. 

Сонымен қатар, ол соспардың негізгі бағыттарына қысқаша толқталып өтті.

«Бүгінгі күні Қызылорда облысында қолданыстағы мұнай-кен орындары 50%-ға сарқылып,  мұнай 1,5-2 мың метр тереңдікте ғана бұрғылануда. Сондықтан жоғарыда аталған кен орындарында 5 мың метрден аса тереңдікте бұрығылауды жүзеге асыруды ұсынамыз. Бұл үшін 11 млрд теңгені қажет ететін тиісті геологиялық барлау-зерттеулер жүргізу қажет», - дейді ол. 

Сондай-ақ, ол Байқоңыр кешенінде арнайы экономикалық аймақ құрылатын болса Байқоңыр қаласы жалпы өңірдің экономикасын өсірудің локомативі бола алатынын жеткізді.

«Онда көпсалалы өнеркәсіп және ғарыштық туризм салаларын дамытудың арқасында инвестициялар ағыны ұлғайып, жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде. Жоба мемлекет басшыларымен және үкімет аралық комиссия тарапынан қолдау тапты. Кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде өңірдегі бизнесті дамытуда ынталандыру бойынша 10,7 млрд теңге шамасында 6 іс-шараны іске асыру жоспарланған», - деді әкім. 

Қырымбек Көшербаев жиын барысында Қызылорда қаласының құрылсы мен әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі құжаты болып табылатын қаланың бас жоспарына тоқталды.

«Қызылорда қаласының қолданыстағы бас жоспарына болашақ әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын еске отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қызылорда қаласының белгіленген шекарасы 13,6 мың гекатарды құрайды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес 2018 жылы қаланың жалпы аумағы 20 528 гектарға дейін ұлғайды. Бұл ретте Тасбөгет және Қызылжарма елдімекендерінің аумақтары қала шекарасына енді», - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық