Бас жаңалықтар
Бүгін
Алматыда 97 мың қызметкердің жалақысы өсті
10 Қаңтар 2019, 17:03 51

Алматыда 97 мың қызметкердің жалақысы өсті

Алматы, baq.kz. Қәзіргі таңда Алматы қаласының 97 мыңға жуық қызметкердің жалақысы көтерілді. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы хабарлады.

Бұдан бөлек, кейбір жұмыс берушілер төмен жалақы алатын қызметкерлер санаттарының болмауына қарамастан, еңбек ақысын орташа есеппен 30%-ға арттырады. Тұтастай алғанда, жалақысы төмен қызметкерлердің орташа жалақысы 24% -ға дейін көбейеді. 

Алматы қаласының кәсіподақтар аймақтық одағының төрайымы Зәуреш Өмірбаеваның айтуынша, әрбір қызметкер еңбек мүдделерін қорғауға арналған әлеуметтік пакетке құқығы бар.

«Ұжымдық шартқа қол қою арқылы қызметкерге қосымша жеңілдіктер, өтемақы төлемдері және қауіпсіз еңбек жағдайларында кепілдік беріледі. Яғни міндетті ынталандырушы еңбек кепілдігін ала алады. Біз сондай-ақ ұжымдық келісімшарттарға әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне байланысты қызметкерлерге өтемақы төлеу міндеттемесін енгізуге ұмтыламыз. Енді біз қалада 12 мыңнан астам кәсіпорынның 400 мыңға жуық қызметкерімен ұжымдық келісімшарттарға жасасып, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге қол жеткіздік», - деді Зәуреш Өмірбаева. 

Бұдан басқа, қалада жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүзеге асырылуда екен. Оған, қысқа мерзімді қысқа курстар, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және қоғамдық жұмыстар жатады. 

Өткен жылы шамамен 1400 адам қысқа мерзімді кәсіби курстарды аяқтаған. Оның көбісі автобус жүргізушісі, шаштараз, есепші, тігіншілер мен аспаздарды оқыту курстары болған. 

Биылғы жылы еңбек нарығында сұранысқа негізделген мамандықтар тізімін жаңарту жоспарланып отыр екен. Алматылықтар қысқа мерзімді курстарда бариста, мерчендайзер, флорист, сақтандыру бойынша менеджері және тағы басқа жаңа мамандықтар бойынша оқытылады деп болжануда.

Сізден жаңалық