Нұр-Сұлтанда мектептің жанында қызды зорламақ болған қаскөй ұсталды

5 Қыркүйек 2019, 15:26
3888
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда мектептің жанында қызды зорламақ болған қаскөй ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам 17 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген. Абырой болғанда мектеп қызметкері көмекке келіп, полицияға хабарлаған. 

Бұл туралы Елорда Инфо қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгін таңертең Байтұрсынов көшесі бойындағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам оқушы қызды зорлауға әрекеттенген. Қалалық білім басқармасы өкілдері де бұл ақпаратты растап отыр.

big_c0bb7694c8691c17.png

Шамамен 09:45 минут шамасында мектептен бауырын алып кетпек болған колледжде оқитын қызды ішімдік ішкен азамат зорламақ болған. Ол қызды бетінен ұрып, көзден таса жерге сүйреп әкеткен. Қыз болса көмекке шақырып, айқайлап, ақыры қашып құтылған.

69499791_1316592768518915_2403209973648588800_n.jpg

"Тәртіп сақшылары 42 жастағы адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

38479cd3f8ff6bbb.jpg

Өзгелердің жаңалығы