Бас жаңалықтар
Қытайдан несие алу: Кешіктірген не төлемеген жағдайда Қазақстан тарапы күніне 46 млн теңге төлейді
11 Сәуiр 2019, 11:38 1046

Қытайдан несие алу: Кешіктірген не төлемеген жағдайда Қазақстан тарапы күніне 46 млн теңге төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ҚХР-дың жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісім бойынша Қазақстан Қытайдан жылдық үстемақысы 2%-бен 20 жылға 116 млрд теңге қарыз алады. Егер қарызды төлемей не кешіктірген жағдайда Қазақстан тарапы күніне 46 млн теңге төлейді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың Парламент Сенатының жалпы отырысында баяндама жасады. 

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Динара Нөкетаева Қаржы министрі  Әлихан Смайыловқа сауалын жолдады.

«Несиені кешіктірген немесе төлемеген жағдайда Қазақстанға қандай жауапкершілік жүктеледі?» - деп сұрады ол.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің сөзінше қарызды қайтармаған немесе кешіктірген жағдайда стандартты жауапкершілікке тартылады. 

«Төлем төлемеген жағдайда әр күніне екі процент өсімпұл қойылады. Алғашқы бес жыл тек қана процентін төлейміз. Сол процентті есептесек, 2% күніне 46 млн теңгені құрайды. Ондай қауіп жоқ. Неге десеңіздер несиені өтеуді республикалық бюджетте қарастырамыз», - деп жауап берді Смайылов.
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы  
ҚХР-дың жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады.

Еске сала кетсек, Парламент Сенатындағы Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Қытай үкіметінен 2 млрд 60 млн юань (116 млрд теңге немесе 300 млн доллар) 20 жылға 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алу туралы министрлік ұсынысын баяндаған болатын.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық