Қытайдан кезекті гуманитарлық көмек келді

4 Шілде 2020, 17:24
1203
Бөлісу:
Қытайдан кезекті гуманитарлық көмек келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде Қытай Халық Республикасының Үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайына жеткізілді. 

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйе, сондай-ақ, 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғап, 1000 - түйіспесіз термометр, 30 мың қорғаныс костюмі мен 600 мың маска кірді. Қорғаныс құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдар арасында таратылады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚХР Үкіметіне жаһандық пандемия жағдайында ұсынылған гуманитарлық жүк үшін ризашылығын білдіреді. Біздің қытайлық әріптестеріміздің игі әрекеті Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген бекемдігін көрсетеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы