Бас жаңалықтар
Қытайда обадан ер адам қайтыс болды
07 Тамыз 2020, 10:58 330

Қытайда обадан ер адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Обаның өршуі тіркелген ҚХР аймағында билік эпидемиологиялық қауіптің жоғары режимін енгізді.

Қытайдың солтүстігіндегі Баоту округінің Дархан-Муминган ауданында ер адам обаның ішек формасынан қайтыс болды. Бұл туралы 6 тамыз күні өңірдің денсаулық сақтау комитетінің баспасөз орталығы хабарлады, деп жазды korrespondent.net.

Қытайлық дәрігерлер оба жұқтырған адаммен байланыста болған 35 адамды анықтады, қазір олардың барлығы оқшауланған.

Дархан-Муминган ауданында болған оқиғаға байланысты аймақ билігі обаның өршуінің алдын алу мақсатында жыл соңына дейін эпидемиологиялық қауіптің жоғары режимін енгізді, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Солтүстік Қытайда бұл жұқпалы ауруды жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі. Өйткені аймақ тұрғындары кейде кеміргіштердің етін жейді, ал ол обаның негізгі тасымалдаушысы.

Бір ай бұрын Қытайдың Ішкі Моңғолия аумағында малшыдан бубон обасы анықталды. Байаннур қаласында обаның алдын алу және оған қарсы күрес туралы ескертудің үшінші деңгейі жарияланған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...