Қытай түрмесінде 200 сотталғанға коронавирус жұққан

21 Ақпан 2020, 15:50
1420
Бөлісу:
Қытай түрмесінде 200 сотталғанға коронавирус жұққан

Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Жэньчэн түрмесінде 200 қамалушы мен 7 күзет қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы жергілікті билік бүгін мәлім етті, деп жазды ТАСС агенттігі.   

Алғашында 13 ақпан күні қарауыл қызметі қатерлі вирусты жұқтырғаны анықталған. Осыдан кейін билік коронавирустың түрмеге жаппай таралуының алдын алу үшін шара қолданған. Алайд, инфекция бәрібір тарап кеткен. Осы жайттан кейін бүгін провинцияның Әділет басқармасының басшысы Цзе Вэйцзюнды жұмыстан шығарылды.  

Мұндай шешім түрмеге коронавирусты таратпау және алдын алу жұмыстарында салғырттық жібергені үшін қабылданғаны айтылған. 

COVID-19 вирусы 2019 жылдың желтоқсан айының соңында қытайдың Ухань қаласында тараған еді. Қазіргі уақытта коронавирустан өлгендер саны 2236 адамға жетті және 75,4 мың адамның жұқтырғаны анықталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы