Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының VII форумының декларациясы қабылданды

18 Қазан 2019, 17:39
14751
Бөлісу:
Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының VII форумының декларациясы қабылданды
Фото: автордан

Наньнин, ҚХР, BAQ.KZ тілшісі. Қазір "Қытай - Орталық Азия ынтымақтастығы" VII форумының жабылу салтанаты өтті.

Ланчжоу қаласының мэрі Чжан Вэйвэнь келесі VIII форумы Ланчжоу қаласында өтетінін мәлімдеді.

"Келесі "Қытай - Орталық Азия ынтымақтастығы" VIII форумы Ланчжоу қаласында өтеді. Сіздерді келесі форумның құрметті қонағы болуға шақырамыз... Қаламызда Хуанхэ өзені ағып жатқанын білесіздер. Биік тауларымыз, көк аспанымыз, таза көшелеріміз, зәулім ғимараттар т.б. сұлулық біздің қаламызда. Бізге келетін мигранттар саны жыл сайын артып келеді. Бұл қаламыздың адамдарға қолайлы екенін көрсетеді. Бұдан бөлек шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстікті қосатын тірек аймақ. Сонымен қатар,  Жібек Жолы да біз арқылы өтеді. Қытайдағы логистикалық орталық та Ланчжоуда орналасқан. Ланчжоу  Қытайдың Батысқа және басқа да аймақтарға ашықтығының дәлелі бола алады. Сондықтан міндетті түрде қаламызға қонақ болып келіңіз. Сіздерді  инвестор ретінде де күтеміз. Келесі кезекті форумда кездескенде, тұрақты дамудың жаңа бағыттарын талқылауда кездескенше", - деді Чжан Вэйвэнь. 

Форум аясында талқыланған 4 сессия бойынша қатысушылар консенсусқа келді және  "Қытай - Орталық Азия ынтымақтастығы" VII форумының декларация мәтіні салтанатты түрде оқылды:

"Табиғи бай ресурстарды, үлкен нарықтарды, ғылыми-техникалық және инновациялық потенциал, аймақтағы басқа да үлкен мүмкіндіктердің барлығы, сонымен қатар  сауданың көптарапты жүйесін сақтаудың және ашық типтегі әлемдік экономика қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып,  "Қытай - Орталық Азия" форумы Жібек жолы экономикалық белдеу мен 21 ғасырдың Теңіз жібек жолы аясында халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді, Қытай мен Орталық Азия, Кавказ (Закавказье), ASEAN  елдері арасындағы өзара түсіністік пен өзара ынтымақтастықтың тиімді  платформасын құруды, теңдік, ашықтық, өзара тиімділік және жалпы жеңіс негізінде аймақтың жалпы тұрақты дамуына үлес қосуды көздейді.

1. Форум қатысушылары электрон коммерция жылдам дамуының негізінде халықаралық сауда ынтымақтастығы өте тиімді әрі ыңғайлы болады деп есептейді. Бұл халықаралық логистиканы жаһандану және ақпараттандыруға,  жаңа функциялармен толықтыруға ықпал етеді.  Сонымен қатар, форумда "Қытай (Гуанси) - Орталық Азия" мультимодалдық тасымал альянсын құру бастамасы көтерілді. Халықаралық логистика саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Орталық Азия, Закавказье және ASEAN елдері арасында құрғақ және теңіз жолы тасымалының ауқымды логистикалық жүйесін құру үшін "Қытай (Гуанси) - Орталық Азия " логистикалық паркін құру мүмкіндігі талқыланды. 

2. Сондай-ақ, қатысушылар  5G технологиясын пайдалану және мобильді құрылғыдардың үлкен сұранысы интернет мүлдем бөлек заманыны көшіп,  жаңа әлеуметтік өзгерістер раундын бастайды деп есептейді.  Осы орайда ақылды қала аясында "Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының желісін" құру ұсынылды. Бұл жоспарлаудағы, ақылды қаланы дамытудағы саяси қамтамасыз етудегі жақсы тәжірибемен алмасу, экономикалық өсу, қалалық басқару және әлеуметтік салаға баса назар аудару,  үнемі ақылды қала құруды насихаттау және цифрлық Жібек жолын бірлесе құруды көздейді.

3. Форум делегаттары "Бүкіл адамзат игілігі үшін әлемге қызмет көрсету" принципі негізінде әзірленген  "Бэйдоу" спутник навигация жүйесі басқа спутник навигация жүйелеріне жақсы бейімделген және транспорт, логистика, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, мал және балық шаруашылығы, ақылды қала, метеорологиялық бақылау, табиғи апаттардың алдын алу және зардабын жою, қоғамдық қауіпсіздік, жаппай пайдалану және т.б. салаларда кеңінен пайдалануға болады деген ортақ пікірге тоқталды. Осыған байланысты,  технологиялармен алмасу,  ортақ зерттеу, Қытай спутник навигация жүйесінің даму нәтижесі барлығына қолжетімді болу үшін салалық дамудағы ортақ жоспар әзірлеуді тереңдету мақсатында Орталық Азия елдерімен спутник навигация жүйесін қолдануды кеңейту бойынша жобаны іске асыру бастамасы көтерілді.

4. Бұдан бөлек қатысушылар қоғамның дамуы мен прогресін ынталандыруда әйелдер қозғаушы күш екеніне тоқталды. Қытай 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарын орындау, әйелдерді барлық салада дамыту, гендерлік теңдікті сақтау үшін қоғам мен отбасында әйелдердің рөлін толық айқындау үшін Орталық Азия елдерімен достық алмасулар мен тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға дайын. Осы орайда Орталық Азия мемлекеттерінің әйелдері өзара оқу, тәжірибе алмасу  мақсатында Орталық Азия елдерінде орталық ашуды ұсынды. 

5. Форум қорытындысында  қатысушылар "Бір белдеу, бір жол" дамыту мақсатында ынтымақтастық нығайту және инновацияларды ынталандыруға дайын екенін жеткізді. 

Тараптар форум қорытындысында қол жеткізген келісімдерді толық орындауға ниетті". 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше форумның алғашқы күні аясында Наньнинге экспортталатын қазақстандық өнім көрмеге қойылды.

Форумға Қазақстан делегаты ретінде барған ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қоры жанындағы Экономика және саясат институтының Қытай жобасында бөлім меңгеруші Руслан Изимов Қытай Орталық Азия елдерінде "Бэйдоу" спутник навигация жүйесін енгізуді ұсынып отырғанын айтқан болатын. 

Бүгінде Орталық Азия елдерінде Конфуций институты жұмыс істейді және Қытайдың бірнеше қаласында Орталық Азия елдерінің тілін үйрену курсы ашылды. Сонымен қатар, 30 мыңнан астам қытайлық Орталық Азия мемлекеттерінде білім алып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы