Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 46% сауығып шықты

28 Ақпан 2020, 09:34
1780
Бөлісу:
Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 46% сауығып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырғандардың 46%  емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Соңғы деректерге қарағанда, құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті. Оның ішінде 36 117 адам ауруханадан шықты. Бұл жалпы жұқтырғандардың 45,8% құрайды. Қазіргі уақытта ауруханаларда 39 919 адам ем қабылдап жатыр.

Эпидемия бастағаннан бері Хубэй провинциясын есепке алмағанда, Қытай бойынша 12 910 адам жұқтырған. 106 адам қайтыс болды. Өлім 0,8% құрады.
Ал коронавирус ошағы Хубэй провинциясында 65 914 жағдай тіркеліп, 2682 адам қайтыс болды. Өлім 4% құрады.

Соңғы кезде Қытайда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Соңғы тәулікте 327 жаңа жұқтырғандар тіркелді. Ал Хубэй провинциясынан тыс жерде тоғыз адам жұқтырған. 44 адам қайтыс болса, оның 41-і Хубэйде болған. 

Індет 2788 адамның өмірін қиды.

Өзгелердің жаңалығы