Қыркүйекте әйгілі боксшылар Майк Тайсон мен Рой Джонс жұдырықтаспақ

7 Тамыз 2020, 04:23
1894
Бөлісу:
Қыркүйекте әйгілі боксшылар Майк Тайсон мен Рой Джонс жұдырықтаспақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аты аңызға айналған әйгілі боксшылар арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Калифорния штатында төрешілерсіз өтетін болды.

CSAC басшысы Энди Фостер Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс жекпе-жек шоуының негізгі ережелерін жариялады. Оның айтуынша, 8 раундқа жоспарланған бұл бокс кешінде ұпай санын есептеуші төрешілер болмайды. Олар рингте бас киімсіз 12 унциялық қолғаппен жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жекте олар айтарлықтай қомақты қаржы алуы мүмкін. Алайда, қайсыбірінің жүзінен қан шыққан жағдайда бокс тоқтатылады, – дейді CSAC басшысы.

Бұған дейін Тайсонның әбжіл қимылы әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түскен болатын. "Майк Тайсон әлі күнге дейін үлкен қауіп тудыратын боксшылар қатарында" деген жазбаны 133 оқырман бөлісіп, жүздеген пікір қалдырылған. Сол сәтте пікір қалдырушылардың бірі Тайсонның 1 секундта жойқын 3 соққы жұмсай алатынын да жазған.

Еске сала кетсек, Тайсон соңғы рет рингке 2005 жылдың 11 маусымында шыққан. Бүгінде ол 54 жаста. Ал оның қарсыласы Рой Джонс 51-ге толды.

Өзгелердің жаңалығы