Әйелде елден шықпау туралы шектеу болған – Қырғызстан шекарасында ұсталған елшілік көлігі туралы

13 Қаңтар 2020, 16:43
2121
Бөлісу:
Әйелде елден шықпау туралы шектеу болған – Қырғызстан шекарасында ұсталған елшілік көлігі туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің осы жылдағы алғашқы брифингі барысында белгілі болды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. 

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан елшілігінің нөмірі тағылған көлікте елшіліктің әкімшілік-техникалық қызметкері мен қырғызстандық әйел болған.

2020 жылдың 10 қаңтарында Ақжол-Қордай шекаралық өткізу пунктінің Қырғызстан жағында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің әкімшілік-техникалық қызметкерінің қатысуымен оқиға орын алды. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Нәтижесі шыққан соң қосымша хабарланады. Көлікте елшілік қызметкері мен Қырғызстанның азаматы болған. қырғызстан азаматы болған әйел – Қазақстан елшілігінің қызметкері емес. Қырғызстан азаматына қатысты бұған дейін елден шығу туралы шектеу болған. Қазақстан елшілігінің қызметкері ұсталған жоқ. Бішкекте тұрып жатыр, - деді Айбек Смадияров.
Қазір Қырғызстан тарапымен аталған оқиғаға байланысты шаралар қабылданды. Нақты толығырақ ақпарат болса, қосымша хабарлаймыз.
Өзгелердің жаңалығы