Қылышбай Бисенов: Конституциялық реформаның мақсаты – елімізді саяси тұрғыдан жан-жақты жаңғырту

2 Мамыр 2022, 15:48
2387
Бөлісу:
Қылышбай Бисенов: Конституциялық реформаның мақсаты – елімізді саяси тұрғыдан жан-жақты жаңғырту

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қылышбай Бисенов мәлімдеді. Оның айтуынша,  жаңа реформа – Жаңа Қазақстанды құруға жол ашады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Бұған дейін наурыз айының ортасында Қазақстан халқына арнаған жолдауында саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын ұсынған болатын. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын дайындау жөнінде ауқымды, кең көлемді жұмыс жүргізу керектігін, онсыз ұсынылған саяси реформаларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап айтқанын білеміз. Жалпы, Конституциялық реформаның мақсаты – елімізді саяси тұрғыдан жан-жақты жаңғырту. Оның қабылдануы мемлекеттік институттарды құрудың және қызметінің жаңа үлгісі – Жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік беретін болады, - деп атап өтті Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Сонымен қатар ол соңғы кезде Мемлекет басшысы демократияға батыл қадамдар жасап жатқанын алға тартты.  

Менің ойымша Жаңа Қазақстан дегеніміз – шын мәнінде әділетті Қазақстан» - деп тұжырымдады Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент қазіргі уақытта азаматтарға әлеуметтік әділдік жетіспейтініне де тоқталып, «қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде тіпті әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жататынын да мойындайықшы», – деді. Соңғы уақытта Президенттің бастамасымен демократиялы, ашық және теңгерімді саяси жүйе құру жолында батыл қадамдар жасалуда. Бүгінде қоғамдық-саяси қатынастардың барлық саяси құрылымы мен жаңа үлгісі қайта қалыптасып жатыр. Сонымен қатар, біздің қоғам, адамдарымыз, олардың көзқарастары мен құндылықтары, өмірлік ұстанымдары өзгеріп келеді. Соған сәйкес біздер бюрократиядан, науқаншылықтан, көзбояушылықтан, қағазбастылықтан түбегейлі құтылуымыз қажет, - дейді академик. 

Спикердің мәлімдеуінше, жалпы, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы демократиялық, әділ және әлеуметтік мемлекет құруға тарихи мүмкіндік берілетін болады.  

Президентіміздің референдум өткізу туралы ұсынысы жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмауға мүмкіндік берері анық. Сонымен бірге, азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік беретін болады. Президентіміз ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына, Жаңа Қазқстанның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз деп санаймын. Дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта тірліктің де, берекенің де көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біздер Қазақстанның демократиялы, әділетті және өркениетті мемлекет болып құрылуына үлесімізді қосатын боламыз, - деді Қылышбай Бисенов. 

Өзгелердің жаңалығы