Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері марапатталды
8 Мамыр, 12:40 651

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 77 жыл толуына орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Мерекелік шараға ҚАЖ ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Шара бір минуттық үнсіздікпен соғыс жылдарында от кешкен сарбаздар мен қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерді еске алудан басталды. Одан кейін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың құттықтау бейнежазбасы көрсетілді. Алғыс құттықтау сөзді департамент бастығы әділет подполковнигі Алтынбек Қалиев алды. Ол өткен тарихқа шолу жасап, барлығын мерекемен құттықтады.

Әуелі ведомство басшысы ІІО ардагерлерін арнайы грамоталармен марапаттады.Содан кейін Ішкі істер министрінің атынан қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, қылмыстық-атқару жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін және Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге байланысты 8 қызметкерге кезекті шендер, медальдар, төсбелгілер, грамоталар табыстап, алғыс жариялады. 

Үш қызметкер департаменттің грамоталарымен марапатталды. Алтынбек Қалиев марапатталғандарды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі. Марапаттау рәсімінен соң Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздарының қатысуымен мерекелік шара концертке ұласты.


Фото: дереккөз
Загрузка...