Қылмыскердің шаш үлгісі желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

12 Тамыз 2019, 22:45
3634
Бөлісу:
Қылмыскердің шаш үлгісі желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның оңтүстігіндегі Гвент қалашығының полицейлері Facebook-тегі ресми парақшасында іздестіріліп жүрген қылмыскердің фотосын жариялады.

Желі қолданушылары аталмыш посттың астында он мың шақты жазба қалдырған.

7 тамызда полицейлер желіге 21 жастағы Джермейн Тейлордың (Jermaine Taylor) суретін салды. 2017 жылдың қыркүйегінде есірткі алып өткізгені үшін ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Келесі жылдың желтоқсан айында қылмыскер мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Артынша ол тағы да заң бұзушылыққа жол беріп, полицейлерден бой тасалаған.

Құқыққорғау органдары желі қолданушыларынан Тейлор туралы кез келген мәлімет беруді сұрады. Алайда, желіде жазба қалдырғандар, қылмыскердің қылмысына емес, оның шаш үлгісіне назар аударған.

pic_4bac189810e07b2cb10a4f3141a28666.jpg

Ник Слик Мик (Nick Sleek Meek) деп тіркелген комментатор қылмыскердің тақыр басындағы "5 тал шашын" келеке етіп жазба қалдырған.

«Менің ойымша, оның шаштары да тұра қашқан сияқты», - деп жазды ол.

Осы тәрізді жазбалар жарияланған посттың астында өте көп.

Фотоны жариялағаннан кейін бір тәулік өткен соң полицейлер көптеген негативті жазбаларға жауап қайтарып, ескерту жасады.

«Әлеуметтік желілерде адамдарды балағаттау заңға қайшы екенін ескертеміз. Жазба қалдырғанда абай болуыңызды сұраймыз. Сіздердің дөрекі сөздеріңізді тергеушілер тексеруі мүмкін», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы