Бас жаңалықтар
Елордада қыз зорламақ болған қылмыскер психоневрологиялық диспансерден қашып кетті
09 Қазан 2019, 18:13 181

Елордада қыз зорламақ болған қылмыскер психоневрологиялық диспансерден қашып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыскер Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан психоневрологиялық диспансердің аумағынан бой тасалаған.

Елордалық полиция департаментінің хабарламасына сәйкес ҚР ҚК 120-бабы «Зорлау» бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған азамат 9 қазан күні сағат 12.22 шамасында Жансүгіров көшесіндегі психоневрологиялық диспансер аумағынан қашып кеткен.

«Қашып кеткен күдіктіні құрықтау үшін Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылып, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Іздеуде жүрген күдіктінің бойы 175-180 сантиметр, шашы қысқа қара түсті, көздері – қара. Үстіне капюшоны бар куртка, үлкен әріппен Italy деп жазылған қою көк түсті қалың жемпір, қара түсті бас киім мен спорттық трико, қара аяқ киім киген», - делінген қалалық ПД хабарламасында.

WhatsApp Image 2019-10-09 at 14.39.51.jpeg

Полиция департаменті қала тұрғындарына күдіктіні табуға көмектесіп, қандай да бір мәлімет білген жағдайда Нұр-Сұлтан қаласы ПД кезекші бөліміне мына телефондар арқылы 71-60-10 немесе 8 (7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, сонымен қатар мына ұялы телефондарға: 8 701 880 80 70, 8 778 950 81 76 хабарласуын сұрайды.

WhatsApp Image 2019-10-09 at 18.11.29.jpeg

Айта кетейік, 5 қыркүйек күні елордадағы №83 мектеп-лицейі маңында ер адам 17 жастағы қызды зорлауға әрекеттенген. Абырой болғанда мектеп қызметкері көмекке келіп, қыз қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары 42 жастағы адамды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізген болатын.



Фото: дереккөз
Загрузка...