Құс тұмауы: Қостанай облысында карантин енгізілді

24 Қыркүйек 2020, 11:03
1339
Бөлісу:
Құс тұмауы: Қостанай облысында карантин енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды.

«Костанайские новости» порталының ақпаратына сүйенсек, Қостанай облысындағы үш ауыл аумағында 21 күнге карантин енгізілді.

Бұл құс тұмауы салдарынан қолға алынған шара. Белгілі болғандай облыста 384 құс өлген. Оның басым бөлігі жеке шаруалықтардан. Өлген құстарды өртеп жіберген.

Карантин аяқталғаннан кейін құстарға талдау жасалып, егер диагноз расталса, карантин ұзартылады.

Облысқа жоғарыпатогенді құс тұмауына қарсы 21 мың доза екпе әкелінді. Вакцинация басталып кетті, - деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев.

Айта кетейік, жақында СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошақтары табылған болатын. Кейіннен СҚО аудандарында құс тұмауына байланысты карантин енгізілгені анықталды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен вице-министр Гульмира Исаева бастаған арнайы топ Солтүстік Қазақстан өңіріне келіп, облыста жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді. Сұлтанғазиев құс тұмауының адамға әсері туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы