Құс тұмауы: Фермерлерге 390 млн теңге төленеді

21 Қыркүйек 2020, 16:49
2479
Бөлісу:
Құс тұмауы: Фермерлерге 390 млн теңге төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты.

Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ (РЭЖ) өлген құсқа өтемақы төлеуді жүзеге асыратын ресми ұйым. Жыл бойы барлық әкімдікте арнайы құрылған комиссия тобы жұмыс істейді, олар қырылған малдың немесе құстың орташа айлық нарықтық құнын анықтауға қатысады. Әкімдіктердің шешімдері негізінде республикалық эпизоотияға қарсы жасақ құс етінің орташа айлық нарықтық бағасына сәйкес өңірдің ветеринариялық қызметінен барлық қажетті материалды қабылдайды, өлген құстың әрбір иесіне жеке шотына төлем жасайды, - деді ол.

Вице-министр егер құжаттар дұрыс қалыптастырылса, төлем үш күннен аз уақыт ішінде жасалатынын жеткізді. 

Бүгінгі таңда РЭЖ-да 390 миллион теңгеге жуық қаржы қалыптастырылған, олар жеке аулалардың иелеріне өлген құстың құнын өтеуге қатысты төлемдерге бағытталатын болады, - деді Гүлмира Исаева.
Бұған дейін Қызғалдақ Жұбатқанова Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикаларының иелері өтемақы алу үшін құстарды арнайы өлтіріп жатыр деген ақпараттың қаншалықты рас екеніне тоқталды.
Өзгелердің жаңалығы