Бас жаңалықтар
Профессионалдар. Құрылысшы Шапағат
07 Шілде 2019, 17:18 2004

Профессионалдар. Құрылысшы Шапағат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біреудің жұмысы – біреуге жеңіл. Елордамыздағы зәулім үйлердің күн сайын көбейіп жатқанын көріп жүрміз. Бір өткен көшеден 2 аптадан кейін қайта өтсек, биік үй пайда болғанына куә боламыз. Соларды кім салып жатыр? Ауылдан келген дипломы жоқ жігіттер "стройка" жағалап жұмыс іздеп кететіні де жасырын емес.  Қазір Қазақстан тұрғын үй құрылысында үлесін қосып жүрген жас жігіттің бір күндік жұмысы арқылы құрылысшы қауымының мамандығын баяндаймыз.

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – астаналықтардың жылы баспанасының құрылысына басшы болып жүрген Шапағат Сейітжанов. Құрылыс барысы мен қызығы, қиындығы мен қаупі туралы баяндап береді. Бір күнге құрылысшы болып көруге дайын болсаңыз, оқыңыз.

Құрылыс алаңына кірерде алдымыздан күзет қарсы алды.
охрана.jpg

Кез келген адам кіріп-шыға алмайды. Жұмысшалырдың өзі рұқсатнамамен кіреді. Ол – шарт. Олардың арнайы камерасы бар, өздері тәулік бойы құрылыс нысанын күзетіп отырады.

Аты-жөнімізді сұрап, құрылыс алаңының бастығын шақырды.

Жас жігіт шықты. Таңғалдық. Бұл таңғалыс – дұрыс емес, білемін. Бірақ біздің есімізде құрылыста «бастық» болып жүргендер үлкен ағайлар болып қалған.

Шапағат Сейітжанов екен. Жасы 26-да. Кіре сала, «алдымен, техникалық қауіпсіздік ережесімен танысу керек» деп, арнайы бөлмеге кіргізді. Шыны керек, құрылыс алаңдарының барлығында мұндай арнайы бөлме болатынын білмеппіз.

Шапағат главное фото.jpg

Құрылыс алаңына кіргенде жұмысшы болсын, келуші болсын, алдымен техникалық қауіпсіздік нұсқаулығымен танысу керек. Оны арнайы маман түсіндіреді. Құрылыс алаңына бөгде адамдарға кіруге болмайды. Тек арнайы рұқсатнамасы бар жұмысшылар ғана кіре алады. Мен – осы учаскенің басшысымын. Менің міндетім – жұмыс барысын қадағалау. Жұмысшылардың жұмысы тоқтап қалмауын жіті бақылау. Құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтардың жеткілікті болуын және салынып жатқан құрылыс нысанының сапасын қатаң бақылау. Айта берсем, көп.
Сонымен, техникалық қауіпсіздік нұсқаулығын арнайы маман таныстырды. Ереже сондай. Оны білмей, әрі қарай кіруге рұқсат жоқ.
каска.jpg

«Ең алдымен, «вводный инструктаж», сосын жұмыс орнындағы және өрт қауіпсіздігі кезіндегі нұсқаулықпен таныстырамын. Осы негізгі 3 инструктаж жүргізіледі. Кейін күнделікті жұмыс барысында олардың қауіпсіздік ережелерін қолданғанын не қолданбағанын бақылап жүремін. Себебі құрылыс алаңындағы барлық қауіпсіздікке мен жауаптымын. Арнайы киімінің болуын бақылауда ұстаймыз. Егер жұмысшы жерден төбеге есептегенде 1 метр 30 сантиметр қашықтықта жұмыс істесе, онда ол биіктікте жұмыс істеу деп саналады. Сол биіктік шегінен бастап жұмысшылар қауіпсіздің белдік тағып жұмыс жасауы тиіс. Соларды қадағалаймыз. Тәжірибемде ауыр оқиға болған жоқ. Бірақ кішігірім қауіпті жағдайлар болды» - деді техника қауіпсіздігі бойынша инженер Дәурен Сиқымбаев.

қауіпсіздік ағай.jpg

Мынау – оқу сыныбы. Кез келген адам алғаш рет кіргенде нұсқаулықпен таныстырылады және айына бір рет жұмысшыларға қауіпсіздік ережелерін ескертіп, сабақ өтеді. Біз шығайын деп жатқанда жаңадан жұмысшылар келді. Бірден нұсқаулықпен таныстыру сабағы басталып кетті.

инструктаж сабағы.jpg

Жұмыс талабына сай арнайы киімдеріңізді кию – міндетті... Биіктікте адам жалғыз жұмыс істеуге болмайды. Егер адам жалғыз болып, ол құлап кетсе, қасындағы адам көмекке шақыру үшін керек. Ал жалғыз болса, оны ешкім байқамай қалуы мүмкін. Сондықтан кем дегенде 2 адам жүру керек. Қасындағы бақылаушы ретінде жүреді. Люлькада да адам жалғыз болмауы тиіс... (Техника қауіпсіздігі бойынша инженер сөзі)

техқауіпсіздік.jpg

Әрі қарай әңгімені Шапағатпен жалғастырдық. Қанша дегенмен, жап-жас болып құрылыста басшы болып жүргеніне таңғалғанымды жасырмадым. Қалай болғанын сұрадым.

«Иә, университетте 4 жыл оқыдым. Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде құрылыс мамандығында білім алдым. Сосын елордадағы Еуразия Ұлттық университетіне магистратураға түстім. Кешкі ауысымда оқи бастадым. Негізінде өзім оқу бітіргенде жұмысымды ИТР-ден (инженерно-технический работник) бастағым келді. Көптеген жұмыс орындарына жұмыс іздеп бардым, тәжірибем болмаған соң жұмысқа қабылдамады. Сосын қарапайым жұмысшы болудан бастадым. Ең алғашқы жұмысым осы “ORDA Invest” коорпорациясында монтажник болып басталды. Одан ары қарай мастер, прораб дәрежесіне сатылап көтерілдім. Қазігі уақытта аймақ басшы қызметіндемін. Осының бәрі 5 жылдың ішінде болды», - деп бөлісті жас маман.

Құрылыс нысандарын мемлекеттік қадағалаушылар қаншалықты жиі тексереді?

Мемлекеттік арнайы органдар тарапынан тексеріс көп болмайды. Тексеріс болған жағдайда бізде барлық құжат пен талап орнымен. Көбіне мемлекеттік мақсаттағы нысандар: мектеп, аурухана, емханалардың құрылысына түрлі тексеріс жиі келеді. Бізде өзіміздің компанияның теникалық қадағалау және тағы басқа тексеруші мамандары бар. Егер бір қайғылы жағдай болып қалса, онда ондай құрылыс аймағына тексеріс жан-жақтан жиі келеді.

жігіттер.jpg

Жұмысшылар тарапынан қандай ережелер жиі бұзылады? Және құрылысшы өз жұмысын дұрыс істей алмаса, қандай шара қолданасыз?

Құрылысшылар арасында жиі кездесетін ереже бұзу – қауіпсіздік белдігін тақпау, қауіпсіздік көзілдірігін кимеу. Мұны орындамаған жұмысшыларға ескерту жасалады. Жиі қайталанса, түсініктеме алынып, белгілі бір мөлшерде айыппұл салынады. Ал, құрылыс аймағындағы кез келген маман өзіне міндеттелген жұмысты істей алмаса, оларды бақылаушы қызметкерлер, жұмыстан шеттетуге толық құқылы.

құрылысшылар.jpg

Қазір халық арасында «че-то мына үйді тез салды. Бірдеңесі дұрыс емес. Тез көтере салды. Демек сапасы нашар шығар» деген сөз бар. Және тура осыған қайшы «мына үйдің құрылысы бітпей қойды. Неше жылдан бері тұр. Әлі бітіре алмай жатыр. Енді бітіріп қалар. Че-то бірдеңесі дұрыс емес» деген ой да кездеседі. Жасырын емес. Үйдің тез бітуі мен ұзаққа созылуынан үй сапасы нашар бола ма?

Егер құрылыс барысында материалдар жеткілікті болып, жұмысшылар жоспарланған кестемен сапалы жұмыс жургізсе, кез келген нысан уақтылы бітеді. Тез бітіру не ұзақ созу деген сөз емес, барлық міндет уақтылы әрі сапалы орындалды деген. Себебі бақылаушы органдар құрылыс нормаларының сақталуын бақылап отырады. Егер жумыс баяу немесе дұрыс жасалмаса, ол жұмыс қайта жасалынады. Міне, осыған қосымша уақыт кетеді де, жоспардан кеш қалып жатады. Ал, қадағалаушылар уақтылы тексеріп тұрса, ондай болмайды және үй сапасына ешқандай кері әсер етпейді. Белгіленген мерзімде біткен үй – жоспарды орындады деген сөз.

кран.jpg

Содан кейін Шапағат бізді қоймаға әкелді, қойма бастығы өз жұмысымен таныстырды.

қойма.jpg

«Мен құрылыс алаңына тапсырыс беріліп келген қажетті құрал-сайман мен материалдарды қабылдап аламын. Сол заттарды жұмыскерлердің қажеттілігінше беріп отырамын. Құрылыс материалдарының ішінде Қазақстанда шығарылғаны да бар. Мысалға, электр желісіне арналған сымдар. Күрек, қолғап, валиктер де өзімізде жасалған. Осы қоймадағы көп зат Қазақстанда жасалған», - қойма меңгерушісі Арман Марсәлиев.

қоймашы 2 если что.jpg

Кайдзен – жапон философиясы. Тұрақты жақсартуды жетілдіру.

Жақында коорпорация Кайдзен бағдарламасын оқытты. Құрылыс аймағы, қоймада сол бағдарламаның практикасымен жұмыс жасап жатырмыз. Оның мақсаты – тез әрі ыңғайлы жұмыс істеу, үнемді өндіріс жағдайында жұмыс істеу.

Қойманы таныстырып болған Шапағат өзінің жұмыс кабинетіне апарды.

Құрылыс алаңында жүрген мердігерлермен жиналыс жасаймыз. Құрылыс барасындағы құжаттарды жүргізіп, мәселелер мен керек заттарды осында талқылап аламыз.

жұмыс тақтасы Ш.jpg

«Үйдің іргетасы қаланса, әрі қарай тез» деп жатамыз. Мұндай көпқабатты үйді салу процесі қалай іске асады?

фото дом.jpg

Құрылысты бастамай тұрып оның бас жоспары жасалады. Құрылыстың бас жоcпары ҚНжЕ талаптарына сай орындалады. Мұнда салынатын жердің еңістігі көрсетіліп, салынатын ғимараттың орны, олардың өлшемдері, бағытталуына қарай жоспарлануы көрсетіледі. Бас жоспарда уақытша үй-жай, күзет постына дейін жобалаушылар жасап, сызбасын түсіреді. Бас жоспарда құрылыс нормалары толық сақталады. Сосын соған сай құрылыс алаңы қоршалып, жер жұмыстары басталып кетеді.

бас жоспар.jpg

Құрылысшы болу үшін арнайы білімнің қаншалықты қажеті бар? Мысалға, өңірде үй салатындар көп. Қазір құрылыста жүрген өзге ұлт өкілдерінен не басқалардан құжат сұрап жатқан адам көрмедім.

Арнайы білім керек. Арнайы білім құжаттарды дұрыс жүргізу жағынан маңыздырақ. Одан бұрын тәжірибенің маңызы одан көп. Тас калаушы оқусыз түзу қылып кірпіштен үй соғады. Міне, олар – арнайы білімсіз, тәжірибе арқылы шыңдалған құрылысшылар. Сосын құрылыс барысында қосалқы жұмыстар көп. Арнайы білімі жоқ тәжірибесі бар жұмысшылар сондай жұмыстарды еш мүлтіксіз орындай алады. Өзіме келер болсам, егер мен жұмысымды он жерден керемет атқарсам да, білім алғанымды растайтын құжатым болмаса, мұндай қызметтік дәрежем болмас еді. Сондықтан өмір бойы кірпіш қалап жүргің келмесе, арнайы білім алған абзал.

Әрі қарай құрылыс алаңына – салынып жатқан нысанға қарай бет алдық.

үй сыртында.jpg
Құрылысшының бар жұмысы дерлік қауіпті. Мысалға, құрылыс материалдарын тасымалдау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамасаң, өміріңе қауіпті. Перфоратормен, болгаркамен жұмыс істегенде денеңді зақымдап алуың мүмкін. Кейде қол қысылып қалуы мүмкін. Өте мұқият болу керек. Сәл дұрыс қимылдамасаң, зардап шегесің. Кран затты көтеріп жатқанда дұрыс бағыт берілмесе, дұрыс ілмесе, материал шашылуы мүмкін. Төменде адам тұрса, үстіне түсу қаупі бар.

кіреберіс.jpg

Ғимараттын 70-80% аяқталып қалған шығар деп ойладым. Жұмысшылар өз ретімен қызметін атқарып жатыр. Бірдеңені дырылдатып, кесіп жатқан ағайдың жұмысына қызықтым.

«Гранит кесіп жатырмын. Болгаркамен зырылдатамын. Көзге қауіпсіздік көзілдірігін киіп, қолғап киеміз де, кесеміз. Қиын емес. Ебі бар адамдар бірден меңгеріп кетеді», - Қалмұрзаев Шүкірбек.

гранит кесіп жатқан Шүкірбек ағай.jpg

Шүкірбек ағаға оңай болып көрінген құрылғы мен үшін өте қиын әрі қауіпті болып көрінді. Саусақтарынан сантиметрге жетпейтін жерде зуылдаған станок. Қорқынышты.

Бір кезде ыстық тамақтың иісі келді. Түскі астың уақыты жақындаған соң ана иісті танау бос жібере қоймады. Жақын жерде дәмхана бар шығар десем, олай болмай шықты. Арнайы аспаз бар екен. 3 мезгіл тамақ береді екен.

«Перловка, лағман, лапша, котлет, макарондар, плов дайындаймыз. Бәліштер мен тоқаштар пісіреміз. Таңғы ас, түскі асқа бірінші және екінші тағам, сосын түстен кейінгі асты әзірлейміз. Ал кешкі асты жұмысшылар үйден ішеді», - деді аспаз Шырынкүл Шыныбекова.

Аспаз.jpg

Кейін каскамыз бен кеудешемізді, етігімізді қойма меңгерушісіне қайтардық.

Біреудің жұмысы біреуге оңай болып көрінетіні – рас. Мұның дұрыс емес «стереотип» екеніне тағы көзіміз жетті.

Бүгінде халық арасында «оқымаған соң құрылысшы болып жүр» деген сөздің бос екенін де түсіндік. Құрылыстағы қара жұмысшылар оқымаған соң емес, қолының ебі болған соң биік үйлерді тұрғызып жүр.

Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» дегенін Шапағаттың бойынан көрдік. Құрылысшы болуды армандаған жас бала бүгін елордалықтардың жылы ұясының кірпішін қалатып жүр. Жас та болса, бас болып жүр. Өзі жұмыс істейтін "Орда Инвест" құрылыс компаниясының мақтанышы болып отырған құрылысшыға қарап тамсанбасқа болмас.

Жас астанамыздағы ғимараттардың кірпішіне із қалдыратын азаматтарымыздың барына қуандық. Аз жыл ішінде осындай қарқынмен дамып, бірнеше зәулім сарайы бар елордамыздың құрылысына үлес қосқан барлық құрылысшы қауымына алғыс айтамыз.


Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
Загрузка...

Сізден жаңалық