Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтарын өңдеуге арналған алаң салынады

12 Шілде 2020, 19:25
1164
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда құрылыс қалдықтарын өңдеуге арналған алаң салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Елорданың шеткері аймақтарына құрылыс қоқысы заңсыз шығарылып жатыр. Бұл экологияның нашарлауына және қоқыс тастауға рұқсат етілмеген орындар санының артуына ықпал етеді. Осындай фактілерге жол бермеу үшін қалада құрылыс қалдықтарын жинау және өңдеу үшін алаң құрылысы басталды. Сонымен бірге бұл "Северная гряда" карьерін одан әрі қалпына келтіруге мүмкіндік береді, - деп жазды әкім.

Оның айтуынша, бұндай алаңды салу маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі.

Бұл бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, құрылыс қалдықтарын жинауға арналған, орталықтандырылған, бір-ақ орын болады. Екіншіден, алаңда кірпіш, асфальт, бетон сияқты құрылыс қалдықтарын өңдеуге арналған ұсақтау кешенін орнату қарастырылған. Бұл шикізаттың бір бөлігін қайта пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату процесін жеңілдетеді. Үшіншіден, қайта өңделген құрылыс қалдықтарын карьерді қалпына келтіру үшін де пайдалануға болады, - деп атап өтті ол.
Өзгелердің жаңалығы